Қала әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді

Қала әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді
25.09.2019 Мемлекеттік басқарма

Үстіміздегі жылғы 25-қыркүйекте қалалық əкiмдiк ғимаратында  Ақтɵбе қалалық мəслихатының кезектi 47-сессиясы ɵткізілді. Күн тəртiбiнде Ақтɵбе қаласы əкiмi М.Абдуллиннің ɵзiне жүктелген мiндеттердi орындауы туралы есебi, тағы басқа мәселелер қаралды.

Сессияға қалалық мәслихат депутаттары, қаланың Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматтары, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мемлекеттік мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қала әкімі өзінің баяндамасында атқарушы билікке Мемлекет басшысының Жолдауында  жүктелген міндеттердің орындалуы, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы жайында айта отырып, жиналғандардың назарын қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қала әкімдігі қызметінің басым бағыттарына аударды.

Сондай-ақ ол депутаттар мен олардың сайлаушыларынан және Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған әрбір сауалға шаhар басшысы егжей-тегжейлі жауап берді, түскен сұрақтар назарға алынатынын жеткізді.

Мәслихат депутаттары бірауыздан Ақтөбе қаласының әкімі М.Абдуллиннің есебін мақұлдады және қала әкіміне шаhарымыз бен оның тұрғындарының игілігі жолындағы қызметіне ізгі тілектерін білдірді.