Мавр Абдуллин 8 айдағы Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы есеп берді

Мавр Абдуллин 8 айдағы Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы есеп берді
25.09.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін, 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. «8 айдағы Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы» шаһар басшысы М.Е.Абдуллин баяндама оқыды.

2019 жылдың 8 айында өндірілгенөнеркәсіп өнімі – 386,3 млрд теңгені құрап, НКИ – 100% болды, оның ішінде:
- тау-кен өнеркәсібі – 2,2 млрд теңге, НКИ – 100,1%;
- өңдеу өнеркәсібі – 330,0 млрд теңге, НКИ – 99,7%;

2019 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша жалпыауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 12,7 млрд теңге құрады, НКИ – 101,5%.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің болжамды көлемі 103,0% (21,5 млрд.теңге) деңгейінде болады деп күтілуде.

Ақтөбе қаласында кәсіпкерлік саласында мемлекет тарапынан қолдаудың тиімді шараларының арқасында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері саны 4,7% өсті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 11,6% көбейіп, 39 мың бірлік құрады.

Ағымдағы жылдың 8 айында "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша Ақтөбе қаласының 132 кәсіпорнына қолдау көрсетілді.

2019 жылы қаланың автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 18 жобаны жүзеге асыру үшін 5,4 млрд теңге бөлініп, 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан кезекте тұрған тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуға 116 жер учаскесі берілді.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептердегі бақылау-өткізу жүйесін«е-Күнделік» АЖ ықпалдастыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта ата-аналар балаларының мектепке кіріп шыққанын мобильдік қосымша арқылы бақылап отыратын болады.Сонымен қатар,«ҚР азаматының әлеуметтік картасы» жобасы аясындаоқушыларды карталар арқылы тамақтандыру үшін мектеп асханаларында терминалдар орнатылуда, аталған карталар бақылау-өткізу жүйесімен ықпалдастырылған.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында 96 жол қауіпсіздігі және 130 қоғамдық қауіпсіздік бейнекамералары орнатылды. Бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығының ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған 8601 отбасының 40129 адамға 2,8 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды.

2019 жылдың 8 айында өмірлік қиын жағдайға тап болған 565 азаматтарға 45204,9 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде 86 көпбалалы отбасыларға 4810,0 мың теңге.

Сонымен қатар, 259 отбасына сомасы 1683,7 мың.теңге тұрғын-үй көмегі көрсетілді.

2019 жылдың қыркүйегінде Украинка ауылында 300 орындық орта мектеп, Красносельское тұрғын алабындағы 600 орындық орта мектеп оқушыларға есігін ашты. «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабының №4 шағын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 838 мерекелік-мәдени шара өтіп, 319 000 көрерменді қамтыды.

Биыл 241 қылмыс тіркеліп, бейнебақылау камераларының көмегімен 116 қылмыс ашылды (2018 жылы – 92).

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 21,3% - ға (4309 - дан 3393-ке дейін) және көшелерде (1948-ден 1534-ке дейін) 21,3% - ға қысқарды.